Марапат мерейді өсіреді
Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Халық денсаулығы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі», - деп атап көрсетті. Халық денсаулығының сақшысы болып, ел дамуына сүбелі үлес қосқан ақ халатты абзал жандар қашанда мақтау-марапатқа ие.
Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір
Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір – түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамда кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында. Осыған орай, мейрам қарсаңында Облыстық мамандардырылған балалар Үйінің «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шарасы балдырғандарды көл – көсір шаттыққа кенелтіп, керемет әсерге бөлендірді. Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекеге «ҚаражанбасМұнай» АҚ су диспенсері мен қысқа толқынды пешті, «БиКаДа» ЖШС «Мүгедек балаларды қолдау қоры» сыйлық куәлігін, Ақтау қалалық әскери бөлімі 2017 шаңсорғышты тарту етіп, балақайларға ойыншықтар сыйлады.
Облыстық мамандандырылған балалар үйіне 2017 жылдың 3 мамыр күні
Облыстық мамандандырылған балалар үйіне 2017 жылдың 3 мамыр күні Маңғыстау облыстық қуыршақ театры балаларға күлкі сыйлап, шаттыққа бөлеу мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді. Көбіне тәрбиелік мәні бар, балалардың өмірге деген құштарлығын оятуға арналған дүниелер қойылды. Атап айтқанда, балаларға жол ережелерін үйрету мақсатындағы А.Салаеваның «Байқа жолда, балақай» немесе ертегі желісіндегі «Қаңбақ шал» және «Арыстан патша» мюзикілдері бар. Театр – қалалық, мемлекеттік деңгейдегі іс – шараларға әр уақытта белсенді қатысады. Сәбилерімізге шаттық пен қуаныш сыйлағандары үшін Балалар үйі ұжымы ризашылығын білдіреді.
ҚР Премьер – Министрі орынбасары И.Н. Тасмағамбетовтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында
ҚР Премьер – Министрі орынбасары И.Н. Тасмағамбетовтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, «Облыстық мамандандырылған балалар Үйі» ММ жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды 2017 жылдың 10 қаңтарда медициналық тексеруден өткізді. Медициналық тексеруді бейінді мамандармен КазМУНО неврологы, медицина ғылымының докторы Д.Н. Аяғановпен, Ақтау қалалық емхана дәрігерлері (педиатр, эндокринолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, стоматолог, психолог) өткізіп, жүргізілген профилактикалық тексерулерді: диспансерлеу, оңалту, облыстық және республикалық деңгейде стационарлық көмекті қажет етушілерді жатқызу, шет елде ем алуға тиістілерді анықтау, мүгедектікті тағайындаулар т.б. көмек түрлерін көрсетіп, балалардың денсаулық топтары анықталды.
Құттықтау
«Маңғыстау облыстық мамандандырылған Балалар Үйі» ММ, 1 Маусым - Халықаралық балалар күніне орай, «Бар мейіріміміз балалар» атты мерекелік іс –шаралар өткізілді. Аталған шараға «Альянс Ойл сервис» ЖШС, Қалалық прокуратурасы, Ювеналды соты, Әскери сотынан демеушілік көрсетіп, балардың жүздерінен күлкі шаттық көріп, осылай әр қадамдары сәтті болсын деген ниеттерімен ізгі тілектерін білдірді.
«Облыстық мамандандырылған балалар үйіне»
«Облыстық мамандандырылған балалар үйіне» 1 наурыз Алғыс айту күні жергілікті полиция қызметкерлері келіп балаларға сыйлық жасады.Осы күн мереке есебінде өтті.






















