Ақтау қаласының 5 шағынауданда орналасқан №16 «Бөбек» балабақшасының бір топ қызметкерлері- әдіскер
Алмаганбетова Батпа Елибаевна, дене шынықтыру мамандары Саудабаева Алтынай, Тахтахунова Әлия, музыкалық жетекші Темрешова Шынар және информатика маманы Молдыбаева Назира балабақша ұжымының атынан, қайырымдылық акциясы аясында сәбилерге ойыншықтар, басқа да қажетті жабдықтар тарту етті. Балалар үйінің бас дәрігері С.Ермұханова балабақша ұжымына денсаулық, еңбекте табыс тілеп, балабақша басшысы Б.Шакироваға «Алғыс хат» жолдады.