Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы имемлекет атынан Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.
«Облыстық мамандандырылған Балалар үйі» ММ, 1993 жылы 14 шағын аудандағы, бұрынғы № 41 балалар бақшасының ғимаратында орналасқан.
Балалар үйі 45 кереуеттік орынға қарастырылған. Оның құрамында 4 топ, жекешелендіру бөлме, физиотерапиялық бөлме, емдік-сауықтыру бөлмесі, асхана, кір жуу бөлмесі бар.