«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
«Жарқын болашаққа – Жаңғыру жолымен»

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Достық үйі» ғимаратында облыс әкімі Е.Тоғжановтың төрағалығымен, «Жарқын болашаққа – Жаңғыру жолымен» тақырыбындағы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.


Отырыс жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары В.Тварионас, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Н.Шанаи, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Х.Ерсеитова, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қала және аудан әкімдері, мәслихат хатшылары мен депутаттары, облыстық және аумақтық басқарламалар мен департаменттер басшылары, облыстағы этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, кәсіпорындар мен мекемелер басшылары қатысты. 


Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы облыста Ассамблея аясында жасалған жұмыстарды қорытындылады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келетіндігі туралы айтып өтті.


Сессия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталий Ионо Тварионас құттықтау сөз сөйледі.


Осы шарада тұсау кесер рәсімі жасалынып, 1 жастағы Ханкелді баламыздың тұсауын Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталий Ионо Тварионас тұсау кесу рәсімін жасады және алға қарай осы балаға өкіл әке болуға Облыстық мамандандырылған Балалар Үйінің бас дәрігері С. Ермухановамен қол алысты.