«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Балаларды құттықтауға келді

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2018 жылдың 13 желтоқсанында   Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Пшаев Нурлан Джидельбаевич, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Шамгунова Лариса Тлемисовна,  подполковник Калидолдин Самата Курмангазинович  және подполковник Баянбаев Данияр Адамович басшылығымен ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті аймақтық басқармасының өкілдері майор Садыков Жупар Советбековна және сержант Аубакирова Қарлығаш Аубакировна, Ақтау қаласындағы Облыстық мамандандырылған балалар үйіне  бүлдіршіндерді мереке күнімен құттықтауға және олардың хал-жағдайларын білуге келді.


Кішкентай бүлдіршіндер келген қонақтарды өте жақсы ықыласпен қарсы алып, өздерінің қабілеттерін көрсетіп, сондай қуанышты көңіл-күйлерімен мейлінше асыр салып ойнады. Музыкалық пауза кезінде барлығы да, оның ішінде педагогтар, тәрбиешілер де қосылып балалармен барынша ат салысып би биледі.Бұл жерде бүлдіршіндердің жайдарлылығы және олардың  қарым-қатынастық шын көңілдегі ықыластары бәрімізді қуантты.


Мерекелік іс-шараның соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етілді. Балалардың игілігі үшін оларға мейірім мен қайырымдылық көрсету қай кезде де ең биік құндылық болып табылады.