«Облыстық мамандандырылған балалар үйіне»
«Облыстық мамандандырылған балалар үйіне» 1 наурыз Алғыс айту күні жергілікті полиция қызметкерлері келіп балаларға сыйлық жасады.Осы күн мереке есебінде өтті.
«Мейірімділік керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелері мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Мамандандырылған балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, азық-түлік, ойыншықтар мен тәттілер апарып берді. Ізгі іс - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірімділік керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.






















