Құттықтау
«Маңғыстау облыстық мамандандырылған Балалар Үйі» ММ, 1 Маусым - Халықаралық балалар күніне орай, «Бар мейіріміміз балалар» атты мерекелік іс –шаралар өткізілді. Аталған шараға «Альянс Ойл сервис» ЖШС, Қалалық прокуратурасы, Ювеналды соты, Әскери сотынан демеушілік көрсетіп, балардың жүздерінен күлкі шаттық көріп, осылай әр қадамдары сәтті болсын деген ниеттерімен ізгі тілектерін білдірді.
«Облыстық мамандандырылған балалар үйіне»
«Облыстық мамандандырылған балалар үйіне» 1 наурыз Алғыс айту күні жергілікті полиция қызметкерлері келіп балаларға сыйлық жасады.Осы күн мереке есебінде өтті.
«Мейірімділік керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелері мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Мамандандырылған балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, азық-түлік, ойыншықтар мен тәттілер апарып берді. Ізгі іс - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірімділік керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.






















