Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір – түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамда кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында. Осыған орай, мейрам қарсаңында Облыстық мамандардырылған балалар Үйінің «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шарасы балдырғандарды көл – көсір шаттыққа кенелтіп, керемет әсерге бөлендірді. Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекеге «ҚаражанбасМұнай» АҚ су диспенсері мен қысқа толқынды пешті, «БиКаДа» ЖШС «Мүгедек балаларды қолдау қоры» сыйлық куәлігін, Ақтау қалалық әскери бөлімі 2017 шаңсорғышты тарту етіп, балақайларға ойыншықтар сыйлады.
Концерттің соңы қызметкерлермен қойылған «Бауырсақ» ертегісімен ұласты.
Барша балақайларды құттықтап, бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен! дейміз.