Облыстық мамандандырылған балалар үйінің сәбилеріне Ақтау қаласының химия-биология бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-11 сыныптарының оқушылары келіп, балалардың өмірімен танысып, өздерінің сыйлықтарын тарту етті. Балалар үйінің бас дәрігері С. Ермұханова ұжымның, сәбилердің атынан балалар өміріне бей-жай қарамай, мейірім көрсетіп, үлкен жүректілік танытқан оқушыларға алғыс айтып, оқуда табыс, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.