«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Облыстық мамандандырылған балалар үйіне 2017 жылдың 3 мамыр күні

Облыстық мамандандырылған балалар үйіне 2017 жылдың 3 мамыр күні Маңғыстау облыстық қуыршақ театры балаларға күлкі сыйлап, шаттыққа бөлеу мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді. Көбіне тәрбиелік мәні бар, балалардың өмірге деген құштарлығын оятуға арналған дүниелер қойылды. Атап айтқанда, балаларға жол ережелерін үйрету мақсатындағы А.Салаеваның «Байқа жолда, балақай» немесе ертегі желісіндегі «Қаңбақ шал» және «Арыстан патша» мюзикілдері бар. Театр – қалалық, мемлекеттік деңгейдегі іс – шараларға әр уақытта белсенді қатысады. Сәбилерімізге шаттық пен қуаныш сыйлағандары үшін Балалар үйі ұжымы ризашылығын білдіреді.