ҚР Премьер – Министрі орынбасары И.Н. Тасмағамбетовтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, «Облыстық мамандандырылған балалар Үйі» ММ жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды 2017 жылдың 10 қаңтарда медициналық тексеруден өткізді. Медициналық тексеруді бейінді мамандармен КазМУНО неврологы, медицина ғылымының докторы Д.Н. Аяғановпен, Ақтау қалалық емхана дәрігерлері (педиатр, эндокринолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, стоматолог, психолог) өткізіп, жүргізілген профилактикалық тексерулерді: диспансерлеу, оңалту, облыстық және республикалық деңгейде стационарлық көмекті қажет етушілерді жатқызу, шет елде ем алуға тиістілерді анықтау, мүгедектікті тағайындаулар т.б. көмек түрлерін көрсетіп, балалардың денсаулық топтары анықталды.