Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
2018 жылдың 29 қаңтарында Облыстық мамандандырылған балалар үйінің ұжымы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысты. Мекеме басшысы- бас дәрігер С.Ермұханова Жолдаудың барлық бағыттарына кеңінен тоқталып, Жолдаудың тоғызыншы бағыты-жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне ерекше атап өтті. Қызметкерлер осы бағытта атқарылған үлкен жұмыстармен толығырақ танысып, мемлекеттік органдардағы урдістерді цифрландыру, әсіресе олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру, азаматтардың өз өтініштерін қалай қарастырылып жатқанын біліп отыру мәселесі және оларға дер кезінде сапалы жауап берілу сияқты көптеген мүмкіндіктердің алдағы уақытта оң нәтиже береріне сенімдерін білдірілді.