«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ-не Маңғыстау облысы бойынша филиалы «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС-нің директоры Әлібек Кетебайұлы және оның ұжымдас қызметкерлері келіп, тәрбиеленіп жатқан кішкентай бүлдіршіндермен кездесті. Балалардың хал-жағдайларымен танысып, оларға әр түрлі сыйлықтар мен киім-кешектер тарту етіп, қуанышқа бөледі. Сондай-ақ, Балалар үйінің ас бөлмесіне кәстрөлдер мен ыдыс-аяқтар сыйлады. Осындай игі істерімен жас бүлдіршіндерді қуанышқа бөлеген жас мамандардың әрқашан да мерейлері үстем болсын деп тілейміз!
View the embedded image gallery online at:
https://ombu-aktau.kz/novosti-kz/86-zhas-mamandar.html#sigFreeId4f4a0fe492
https://ombu-aktau.kz/novosti-kz/86-zhas-mamandar.html#sigFreeId4f4a0fe492