«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Көк Туымыз – бейбітшілік пен ашық аспанның белгісі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Облыстық мамандандырылған балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленуші бүлдіршіндері бірге Мемлекеттік Әнұранды орындады. Бұл игі шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталды. Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің басты құндылықтарының бірі. Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың тарихын, мәдениетін, бірлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Көк Туымыз – бейбітшілік пен ашық аспанның белгісі. Елтаңбамыз – ел бірлігі мен берекесінің нышаны. Ал Әнұран әрбір қазақстандықтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін оятады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы. Рәміздеріміз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мәртебесін асқақтата берсін! Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!