«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
9 Мамыр – Жеңіс күніне орай Облыстық мамандандырылған балалар үйінде мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.

9 Мамыр – Жеңіс күніне орай Облыстық мамандандырылған балалар үйінде мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Ертеңгілік барысында балалар патриоттық тақпақтар оқып, би билеп, әндер орындады. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара барысында бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге деген алғыс пен құрмет ерекше аталып өтті. Мерекелік ертеңгілік тәрбиеленушілердің патриоттық рухын көтеріп, тарихи жадымызды сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.