«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Наурыз мейрамына орай ұлттық дәстүрлер қойылымы

Наурыз мейрамын атап өту аясында біздің мекемеде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттауға арналған қойылым ұйымдастырылды. Шараға мекеме қызметкерлері қатысып, ата-бабадан келе жатқан құндылықтарды сахналық көрініс арқылы көрсетті.

Қойылым барысында балаға азан шақырып ат қою, бесікке салу, сырға салу және қыз ұзату дәстүрлері сахналанды. Алдымен жаңа туған сәбиге азан шақырып ат қою рәсімі көрсетілді. Бұл – баланың өміріндегі алғашқы маңызды дәстүрлердің бірі. Одан кейін бесікке салу дәстүрі сахналанып, бесіктің қасиеті мен тәрбиелік мәні таныстырылды.
Сондай-ақ, қыз баланың болашақ отбасылық өміріне қадам басуын білдіретін сырға салу және қыз ұзату дәстүрлері көрсетілді. Бұл рәсімдер арқылы үлкенге құрмет, ата-анаға ізет және отбасы құндылықтары дәріптелді.Әрбір рәсімнің мәні мен тәрбиелік маңызы түсіндіріліп, ұлттық дәстүрлеріміздің ерекшеліктері көрсетілді.

Шара жоғары деңгейде өтіп, ұжым мүшелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай игі бастамалар ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге, салт-дәстүрлерімізді ұмытпай, кейінгі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосады. Наурыз мерекесі ұжымымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырды.