«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және тіл мәдениетін дамыту мақсатында арнайы жиналыс өткізілді

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық мамандандырылған балалар үйі" Мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және тіл мәдениетін дамыту мақсатында арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытуға бағытталған соңғы құжаттар мен бұйрықтар таныстырылып, олардың маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Іс-шарада мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қызметкерлердің іс-қағаздарды қазақ тілінде сауатты жүргізуі, сондай-ақ балалардың тілдік дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. Тәрбие процесінде ана тілін насихаттау, бүлдіршіндердің сөздік қорын байыту және қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасау басты міндеттердің бірі екені атап өтілді.
Сонымен қатар мекемемізде тәрбиешілер мен кіші қызметкерлер (санитар-бала күтушілер) балаларға күнделікті ертегілер мен көркем әдебиеттерді оқып беріп, олардың сөздік қорын байытуға, тілдік дағдыларын дамытуға және ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Жиналыс қорытындысында тіл саясатын тиімді жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарланды. Осындай шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдануға ықпал етеді.