31.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында Ақтау қаласындағы балалар үйі жанынан «Аққанат» күндізгі ерте жастан дамыту және оңалту бөлімшесі өз жұмысын бастады. Осы орталықтың ашылуы – балалардың болашағына жасалған нақты қадам, мейірім мен қамқорлықтың жарқын көрінісі . Балалардың денсаулығындағы ақауларды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде оңалту мен жан-жақты қолдау көрсетуге арналған . Ерте диагностика мен кешенді реабилитация – әр баланың толыққанды дамуы мен жарқын болашағының кепілі .
Орталықтың материалдық-техникалық базасы заманауи медициналық қондырғылармен, арнайы тренажерлармен және сенсорлық бөлмелермен жабдықталған. Орталықта білікті дәрігерлер, логопедтер, дефектологтар мен ЛФК инструктор, физиотерапия тағы басқа мамандар әр баланың ерекшелігіне қарай жеке оңалту жоспарын әзірлеп, инновациялық әдістемелер арқылы көмек көрсетеді.
Ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Жәнібекұлы Матаев, облыстық маслихат депутатары, облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медицина саласының мамандары және қала тұрғындары қатысты. Балаларға өңір басшысы Нұрдәулет Игілікұлы атынан мерекелік сыйлықтар табысталды.






















