31.10.2025 жылы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ - де бүлдіршендер үшін «Алтын күз» мерекелік іс шарасы өтті.
Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар үйінде «Алтын күз» ертеңгілігі ұйымдастырылды.
Мақсаты - өскелең ұрпаққа күз мезгілінің ерекшелігін ұғындыру. Күз мезгіліндегі өнімдермен таныстырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бүлдіршіндерді ән салуға, би билеуге тарту, тақпақ айтып, өнер көрсетуге деген бейімділіктерін арттыру.
Шара барысында бүлдіршіндер күз мезгіліне байланысты, өлең, тақпақ айтып, әзірлгеген билерін билеп, бар өнерлерін ортаға салды. Өз қолдарымен дайындап, күзгі жапырақтардан жасаған қолөнерлерін көрмеге қойды. Кейіпкерлерден құралған "Күз ханшайымы" балаларға ақ тілегін арнап, балалармен бірге би билеп, "Қоян", "Бұлт" кейіпкерлері балалармен ойын ойнап, олардың көңілдерін көтеруге мүмкіндік алды.
Осылайша "Алтын күз" шарасы балалар үйінде жоғары деңгейде өтті. Жиын соңында Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар үйінің директоры Сару Ермуханова мен іс шараның қонақтары жылы лебізін білдіріп, балалардың болашағы жарқын болуын, дендері сау болып, үлкен азамат пен азаматша болып өсуін тілеп, тәттілер үлестірді.






















