Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар үйінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты - балаларға көтеріңкі көңіл - күй, қуаныш сыйлау, қамқорлық жасау және бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Мерекелік іс шараға Маңғыстау облысындағы полиция департаментінің басшысы Аяғанов Сағындық Күзембайұлы, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында түрлі жанрдағы кейіпкерлер балалардың көңілін көтеріп, қызыққа толы ойындар ойнатты. Қылықты балапандарға түрлі тәттілер мен ой - дамытушы сыйлықтар тарту етілді.