Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық мамандандырылған балалар үйі" ММ- де тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер үшін 20 наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мейрамына орай қуыршақ театрын ұйымдастырып, "Алтын жұмыртқа" ертегісін қойылымдады. Мереке қарсаңында балалардың көңілін көтеру үшін балаларға қызықты ойындарымен қонақтар келді.
Мейрам өте көңілді, әрі қызықты өтті. Балалар қуанып қалды.
"Маңғыстау облысының мамандандырылған балалар үйі" ММ ұжымы мен тәрбиеленуші бүлдіршіндері сіздерді Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Жемісті жыл тілейміз! Жерге егілген әрбір дән мол өскін беріп, кез келген бастама оң нәтижесін берсін. Шуақты мереке өмірді нұрлы әрі қызықты еткей! Жұмыста сәттілік болсын. Бақыт, береке, денсаулық тілейміз! Құтты Наурыз жақсылығымен келсін! Ұлыстың ұлы күні үйіңізге тыныштық пен береке, отбасына бақыт пен амандық, жүрекке қуаныш пен шабыт, жан-дүниеңізге үйлесімділік әкелсін.
https://ombu-aktau.kz/novosti-kz/122-lysty-ly-k-ni-nauryz.html#sigFreeId4dbc86eed6