«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
«Облыстық мамандандырылған балалар үйінде» Халықаралық әйелдер күніне орай сайыс өтті

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ-нің ұжымының арасында  «Ақылды ана, өнерлі әйел» атты Халықаралық  әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыс өтті.

Сайысқа 4 топ қатысты. «Сұлу қыздар», «Самға», «Салмақты әжелер» және «Гүлдерай» .

Сайыс 6 кезеңнен құралған:

1-кезең: «Таныстыру» кезеңі қатысушылар өздерін шығармашылық түрде  ерекше таныстырды.

2-кезең: «Өнерлі ару» бұл кезеңде қатысушыларымыз өз өнерлерін көрсетті . Ән айтылды,қолөнер бұйымдарын таныстырды, шығармашылық өлең оқылды.

3-кезең: «Сұрақ жауап» кезеңінде қатысушылар әртүрлі интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, тапқырлығымен көзге түсті.

4-кезең: «Пародия» Бұл кезеңде қатысушыларымыз танымал «Келінжан» телесериалының басты кейіпкерлеріне, келін мен ене арасындағы оқиғаға және әнші Ұланғасыр Қамидің «Балқия әніне» пародиялар жасалды.

5-кезең: Мақал мәтел жалғастыру кезеңінде қатысушылар өздерінің тапқырлығымен  ерекшеленді.

6-кезең: «Мода-2025» кезеңінде қатысушылар қолдан жасалған  сән үлгілерін және ұлттық стильді заманауи трендпен үйлестіріп көрсетті.

Сайыс барысында тәрбиеленуші балаларымыз ән айтып, билеп өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс соңында әділ қазылар шешімімен топтарды номинация бойынша мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар берілді.

«Самға» тобы Бас жүлде;

«Сұлу қыздар» тобы 1орын;

«Гүлдерай» тобы 2 орын;

«Салмақты әжелер» тобы 3 орын иеленді.

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер!

Бастарыңызға амандық, деңдерінізге саулық тілейміз. Көктемнің шуақты күндеріндей жарқырап, жайнап жүре беріңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын!