«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ-де тәрбиеленіп жатқан бүлдіршендер үшін Жаңа жылдық шырша ертеңгілік өтті.

Мерекемізге Аққала, Түлкі,Аяз ата мен Ақшақар келді, балалар қуанып қалды, көптеген жағымды эмоциялар алды. Көңілді болды! Балалар би биледі, ән айтты және ойындарға қатысты. Іс-шара барысында балалар жаңа жылдық қойылымды шынайы күлімсіреп, бақытты көздерімен тамашалады. Мереке жаңа жылдық тәтті сыйлықтармен аяқталды.
Мереке өте көңілді, әрі қызықты болып өтті.