Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров бір топ медицина қызметкерлерін 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Және, Облыстық мамандандырылған балалар үйі ашылғалы бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан, 35 жыл еңбек өтілі бар, Балалар үйінің тәрбиешісі Кобланова Меруерт Кулдауовна – Алғыс хатпен марапатталып, барша Балалар үйі ұжымдастарының мерейін үстем етті.Балалар үйінің ұжымы баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Қазақ жерін мекендеген әрбір отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында табыс тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
https://ombu-aktau.kz/novosti-kz/119-ma-ystau-oblysty-densauly-sa-tau-bas-armasyny-basshysy-meditsina-yzmetkerlerin-t-uelsizdik-k-nimen-tty-tady.html#sigFreeId2d0a5e3199