«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Алтын күз: балалар үйінде мереке өтті

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ-де тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер үшін «Алтын күз» атты күзгі бал ертеңгілік өтті.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп бағалайды. Алтын деп аталу себебі, біріншіден, айналадағы барлық нәрсе сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Мерекелік іс-шарада балалармен бірге ән шырқалып, қызықты күзгі ойындар өткізілді.
Мерекемізге күз ханшайымы да келді, балалар қуанып қалды, көптеген жағымды эмоциялар алды.
Мерекелік іс-шараның соңында «Күз ханшайымы» балаларға алмалар үлестіріп берді. Мереке өте көңілді әрі қызықты болып өтті.