2024 жылғы 25 шілде де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Облыстық мамандандырылған Балалар үйі» ММ-де «Таза бейсенбілік» өтті. Балалар үйі ұжымының қызметкерлері мекеме аумағын қоқыстардан, құрғақ жапырақ,бұтақ-шырпылардан тазалап, жасыл желектерге күтім жасап, гүлзарларды ретке келтірді. «Тазалық – денсаулық кепілі», «Тазалық-табалдырықтан басталады», сондықтан қоршаған ортаның тазалығы аса маңызды! Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. "Таза Қазақстан" республикалық акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және еліміздің әрбір тұрғынының қоршаған ортаға ұқыпты қарауына ықпал етеді.
2024 жылғы 25 шілде де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Облыстық мамандандырылған Балалар үйі» ММ-де «Таза бейсенбілік» өтті