«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
Биыл Маңғыстауда жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, оларды еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастаған болатын

Биыл Маңғыстауда жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, оларды еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастаған болатын. Аталған бағдарлама аясында жастар қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ақылы түрде қызмет атқарады. Осындай игі істерді атқару барысында Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының жас жұмысшылары «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ-не арнайы барып, қайырымдылық көрсету мақсатында қолдау көрсетумен Балалар үйінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Балалар үйінің басшысы атынан қайырымдылық танытып, қолдау көрсеткен қызметтері үшін жас жұмысшылар алғыс хатпен марапатталып, мерейлері үстем болды. «Тазалық – денсаулық кепілі», «Тазалық-табалдырықтан басталады», сондықтан қоршаған ортаның тазалығы аса маңызды! Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының жас жұмысшыларына, Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәбилердің игілігі үшін, олардың жан саулығы мен денсаулығы үшін, ықылас-мейірім танытып, осы көрсеткен қолдаулары мен қамқорлықтарын ықыласпен бағалай отырып, еңбек жолдарындағы қызметтеріне жетістіктер мен табыстар тілейміз! Облыстық мамандандырылған балалар үйі ұжымы атынан шын жүректен өз алғысымызды білдіреміз!