Медициналық қызметкерлер күні – бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі дәрігерлерге, мейіргерлер, санитарлар, барлық жұмыскерлердің ерен еңбектерін бағалай отырып, оларға ризашылық білдіру, құрмет көрсету және алғыс айту үшін себеп болатын өз кезегіндегі құрметті мейрам. Бұл мереке - 1998 жылдан бері Президент бекіткен жарлық бойынша елімізде әр жыл сайын маусымның әр үшінші жексенбі күні – Медицина қызметкерлерінің күні болып атап өтіледі. Ағымдағы жылдың 14-ші маусым күні, Ақтау қаласында Медицина қызметкерлері күніне орай, арнайы салтанатты іс-шаралары өткізілді. Аталған мерекелік іс-шараға дәрігерлер, медицина саласына еңбегі сіңірген ардаргерлері мен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова қатысып, өздерінің жылы лебідерін айтып, алғыстарын білдірді. Осы мерекелік іс-шара барысында медицналық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен және «Құрмет» грамоталарымен марапатталды. Және, Облыстық мамандандырылған балалар үйі ашылғалы бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан, 43 жылдан жоғары еңбек өтілі бар, Балалар үйінің аға мейірбикесі Дәулешова Сұлушаш Қадырқызы – «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталып, барша Балалар үйі ұжымдастарының мерейін үстем етті. Салтанатты іс-шараның соңы мерекелік концерттермен ұласты. Маңғыстау облысының мамандандырылған балалар үйі ұжымы - барша ақ халатты мейірімді абзал жандар – медициналық қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтайды!
https://ombu-aktau.kz/novosti-kz/114-meditsinaly-yzmetkerler-k-ni-b-l-densauly-sa-tau-zh-jesindegi-d-rigerlerge-mejirgerler-sanitarlar-barly-zh-myskerlerdi-eren-e-bekterin-ba-alaj-otyryp-olar-a-rizashyly-bildiru-rmet-k-rsetu-zh-ne-al-ys-ajtu-shin-sebep-bolatyn-z-kezegindegi-rmetti-mejram.html#sigFreeIdcb32d6eb29