Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ-де тәрбиеленіп жатқан бүлдіршендер үшін «Алтын күз» атты күзгі бал кеші өтті. Балалар үйінің мәдени-іс-шара залында өткізіліп жатқан күзгі бал кешіне «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ компаниясының қызметкерлері мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен салтанатты кеш жоғары деңгейде өткізілді. Балалар үйінің бүлдіршіндері келген қонақтарды өз өнерлерімен, яғни ән-тақпақ айтып, би билеп, әр түрлі ойындар ойнаумен тәнті қылды. Аталған күзгі бал кеші өз дәрежесінде өте жақсы өткізілді. Осы бүлдіршіндер үшін ұйымдастырылған күзгі бал кешіне ықыласпен, ізгі ниетпен қатысқан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері мен Ш. Есенов атындағы университет оқытушылары мен студенттеріне шын жүректен алғыс білдіреміз!
Облыстық мамандандырылған балалар үйі