Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері, Нейрон медициналық орталығы ұжымы, Маңғыстау энергетикалық колледжі, Маңғыстауэнергомұнай компаниясы және Жастар орталығының өкілдерінің қатысуымен аталған мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Балалардың мерекелік қуаныштарына ортақтасып, іс-шараға қатысқан қонақтар сөз сөйлеп, сәбилердің қуанғанынан артық әлемде бақыт жоқ екендігін жеткізіп, бүлдіршіндерге ақ тілегін арнады. Сәбилер мереке күнінде ұйымдастырылған әр түрлі қойылымдар мен мәдени іс-шараларға мәз-мейрам болып, әр түрлі сыйлықтарға ие болды.