«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ
0
«NORTH CASPIAN OPERATING COMPANY»

Ағымдағы жылдың 17 қараша күні Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ-де    «NORTH CASPIAN OPERATING COMPANY» компаниясы басшылығының өкілдері мен «Forte Bank» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Облыстық мамандандырылған балалар үйінің жанында құрылған Қамқорлық кеңестің төрағасы А.Ж. Урисбаевтың қатысуымен көптен күткен Оңалту орталығын ашу салтанатына орай игі іс-шаралар өткізілді. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды, ЦНС, ДЦП диагнозымен ауыратын балалардың денсаулығын оңалту мақсатында  ашылған Оңалту орталығы алдағы уақытта, денсаулық мүмкіндігі шектеулі  сәбилер үшін  кеңейтілген дәрежеде өз қызметін көрсетеді деп сенеміз! Аталған салтанатқа қатысушы тұлғаларға, яғни жоғарыда аталған NCOC компания басшылығына және Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты А.Ж. Урисбаевқа осы күнге дейін Балалар үйіне бірнеше рет демеушілік  қолдау-көмектерін көрсетіп келгендеріңіз үшін және қуанышымызға ортақтасып осы салтанатқа қолдау көрсетіп  қатысқандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!