Еліміздің бас шаһарынан бір топ адам Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген болатын. Атап айтқанда "Nur Otan" партиясы жанындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері облыстық мамандандырылған балалар үйінде болды.
Аталмыш ұйымның бас дәрігері Сару Ермуханова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен тастанды балалар санының азаюына байланысты 45 орыннан 20 орынға қысқарып, 25 орынға арналған мекеме болып қызмет атқарып келе жатқан мекеменің жұмысы туралы айтып берді. Балалар үйіне сәбилер облыстық перинаталдық орталықтан және балалар ауруханасынан ауыстырылады. Қабылданатын сәбилер - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 жасқа дейінгі және ақыл – ой өрісінің өсіп жетілуінде кемістігі бар 4 жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленеді. Сонымен қатар, ата – анасы бас тартқан туа біткен ахаулары бар мүмкіндігі шектеулі сәбилер және ауыр материалдық жағдайына байланысты некесіз анадан туған балалар қабылданады.
Балалар Үйінің негізгі қызметі тастанды балаларды орналастырып, жақсы өсуіне жағдай жасау, күтім және дәрігерлік көмек, оңалдыру шараларын көрсету.
Қазіргі таңда бала дәрігері, невропатолог, логопед, массажист, тәрбиешілер мен мейірбикелер, кіші медицина қызметкерлері қызмет атқарады. ЛФК, массаж кабинеттері ұдайы жұмыс жасайды.
Балалар жылына екі рет профилактикалық дәрігерлік байқаудан өтіп тұрады. Егу күнтізбесіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жоспар бойынша іске асады. Хирург, лор, окулист сияқты мамандар жергілікті емханадан келеді. Денсаулығының ахауы бар балалар диспансерлік тіркеуге алынып, оңалдыру емін жоспарлы түрде алып тұрады.
"Ата-анасының қамқорынсыз қалған сәбилерді отбасына орналастыру мақсатында балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасымен әрбір балаға қатысты деректер базаға енгізіліп отырады. Біздің мақсатымыз осы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге барынша үйдің атмосфералық ортасын жасау, психоэмоцинальдық қолдау көрсету", - деп атап өтті Сару Мұхамбетқалиқызы.
https://ombu-aktau.kz/novosti-kz/102-balalar-y-yn-or-au-ke-esi-ma-ystau-irinde.html#sigFreeId1f2d751739