ГУ «Областной специализированный дом ребенка»
0
Марапат мерейді өсіреді

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Халық денсаулығы  Қазақстанның  стратегиялық мақсаттарына жетудегі  табысының ажырамас құрамдас  бөлігі», - деп атап көрсетті. Халық денсаулығының сақшысы болып, ел дамуына  сүбелі үлес қосқан  ақ халатты абзал жандар  қашанда мақтау-марапатқа ие.

15 желтоқсан  2017 жылы  еліміздің «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай  облыстық қан орталығында  облысымыздың денсаулық сақтау  саласының үздіктерін марапаттау салтанаты өтті.  Мерекелік жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының м.а. Талғатбек Бапиев сөз сөйлеп, тәуелсіз мемлекетіміздің 26 жылдың ішінде  жеткен жетістіктеріне, соның ішінде облысымыздың дәрігерлерінің қосқан үлестеріне тоқталып өтті.

Осыған орай, өңіріміздің бір қатар дәрігерлерімен бірге Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің – «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен  облыстық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сару Ермұханова марапатталды.